» » Оқу-тәрбиелік жұмыс

 
 
 

Оқу-тәрбиелік жұмыс

Автор: admin от 5-06-2014, 17:19, посмотрело: 12608

101

Оқу-тәрбиелік жұмыс

 

Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді, яғни, тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мақсаты өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматттық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ  ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, ерең білімді ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені су, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Тәрбиенің мақсаты:

Үздіксіз оқу-тәрбие беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және ұлттық рухты патриоттары ретінде қалыптасуы  мен өз-өздерін танытуларына, болашақ маман иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбиенің міндеттері:

·        Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз және жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.

·        Балалар мен жастарды азаматтылыққа, Отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық дәстүрлерді  сыйлауға тәрбиелеу.

·        Жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.

·        Қосымша білімді жетілдіру мақсатында үйірмелер мен клубтардың жұмысын жандандыру.

·        «Өзін-өзі басқару» бағдарламасы негізінде оқушылардың іс-әрекетін жұмыс жоспарлары арқылы бір арнаға тоғыстыру, ұйымдастыру.

·         «Аналар мектебі»  ұйымдарының жұмыстарын жандандыру.

Қойылған міндеттер мен мақсаттарға сәйкес мектептің тәрбие жұмысы төмендегі бағыттарда іске асырылды:

·        Құқықтық және полимәдениеттік тәрбие.

·        Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.

·        Азаматтық патриоттық тәрбие.

·        Әлеуметтік – мәнді жеке қасиеттерін қалыптастыру.

·        Рухани – адамгершілік тәрбиесі.

·        Өзін - өзі тану мен өзін - өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.

·        Интелектуалды мәдениетті дамыту.

·        Экологиялық тәрбие. Эстетикалық тәрбие.

·        Отбасы тәрбиесі.

·        Кәсіби – шығармашылық тәрбие.

·        Еңбек  және экономикалық тәрбие.

·        Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру.

Мектептегі сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру

Мектептегі сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің міндеті: жылдық жоспар бойынша сынып жетекшілеріне және жас мамандарға әдістемелік көмек беру, тәрбие құжаттарын жинақтау, зерттеу тақырыптары бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу, тәрбие саласына байланысты семинарлар және ашық тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс іс-шараларды өткізу, жүргізілген жұмыстар бойынша мониторинг жасау, қорытындылау.

Бірлестіктің мәселесі: «Сынып жетекшілеріне оқушыларды өзін-өзі басқаруға тәрбиелеуге әдістемелік көмек көрсету»

Мектептегі сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің іс-әрекеттері төмендегідей жоспарланып, ұйымдастырылып отырды:

·        Сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында өзара тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.

·        Оқушылардың жеке іс-қағаздары мен сынып журналының дұрыс толтырылуы.

·        Тәрбие жүйесіне енгізілген жаңа технологияларды баланың жас ерекшеліктеріне қарай пайдалану.

·        Жеке тұлға қалыптастыруда баланың қызығушылығына қарай мәдени тәрбиелеуді ұйымдастыру.

·        Оқушылардың сабаққа қатысуы мен қоғамдық жұмысқа белсенділігін арттыру мәселелерін шешу.

·        Сынып жетекшілері мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.

·        Сыныптарда оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру.

Жаңа оқу жылының басында сынып жетекшілердің әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары бекітілді. Тәрбие жұмысында әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік бірлестіктің шығырмашылық топтары құрылды. Бірлестік жетекшісі сынып жетекшілердің сынып сағаттарына қатысып, тақырыптың көкейтестілігін, тәрбиелік мәнін, мақсатын, оқушылардың қызығушылығын, жас ерекшелігіне сәйкестігін, таңдау формасын, оқушылардың белсенділік деңгейін, әдіс-тәсілдерін, жетістіктерін, жаңа технологияны пайдалануын бақылап, талқылады.

Барлық сынып жетекшілерінде  тәрбие жұмысының бағыттары бойынша құжаттар жинақталған. Жыл көлемінде барлық сынып жетекшілері тәрбие бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттары сабақ кестесіне енгізіліп, сынып журналына толтырылды.

          Сынып жетекшілердің бірлестік отырысында мынадай баяндамалар оқылып, талқыланды.

«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың және бақылаусыздықтың алдын алу мәселелері: жасөспірімдердің құқық бұзушылығына педагогтардың, ата-аналардың жауапкершіліктерін арттыру» тақырыбындағы  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б. Жапарованың баяндамасы тыңдалып, талқыланды.

«Біз өмірді бағалаймыз», «Өмір, сен қымбатсын маған» атты тақырыптарда мектеп-лицей  психологы О.Е. Аяпбергенова  іс-шаралар  ұйымдастырды.

«Мұғаліммен оқушылар арасындағы қарым-қатынас»  атты тақырыппен мектеп психологы  О.Е. Аяпбергенова  тренинг өткізді.

«Қыз-елдің көркі» бағдарламасы бойынша  технология, бейнелеу өнері  пәндерінің мұғалімі С.Б.Байменова мектеп-лицей қыз балаларымен жүргізген жұмыстарын таныстырды.

    Азаматтық патриоттық тәрбие.

Әлеуметтік-мәнді жеке қасиеттерін қалыптастыру мақсатында:

·        Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді.

·        Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында «Көңілді старт» атты спорттық жарыс  5-7 сыныптар арасында  ұйымдастырылды.

·        Мектеп кітапханашысы  Қ.Б. Сақыпбекова «Тәуелсіз елім-Қазақстан» тақырыбында кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

·        Бейнелеу пәнінің мұғалімі С.Б.Байменова  «Тәуелсіздігім, теңдігім – Желтоқсан» балалар шығармашылығынан сурет көрмесін ұйымдастырды.

·        Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде «Тәуелсіздік тұғыры бізге аманат» атты мерекелік кеш, әр сыныптарда Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары өтті.

Оқу-тәрбиелік жұмыс           

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 

·        Би тобының жетекшісі  Л.Н.Тургунбаева  «Гүлденген Қазақстан» тақырыбында мектептің биші оқушыларымен кеш өткізді. Кеште әртүрлі халықтардың билері орындалып, көрермендердің ықыласына бөленді.

·        10-11 сынып оқушылары 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Елбасының сыныптасы Р.Ғ.Сиразитдиновамен кездесу-кеш ұйымдастырды.

·        8-9 сынып оқушылары Желтоқсан көтерілісінің батыр қаһармандарына арналған мерекелік кеш өткізді.   

Оқу-тәрбиелік жұмыс  Оқу-тәрбиелік жұмыс 
Жыл сайын оқушыларды «Жас Ұлан» жастар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Оған оқу озаттары мен мектебіміздегі түрлі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын 1144 жасөспірім қабылданды. Ұйымға қабылданушыларға төсбелгілер мен галстуктерді мектебіміздің  ұстаздары табыс етті. Жыл сайын Жеңіс күніне  орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері және  тыл ардагерлерімен «Желбіре, Жеңіс Жалауы!» тақырыбында  кездесу кеші ұйымдастырылып отырды. Кеште оқушылар қатпарлы тарих беттерінен сыр шертетін сахналық көрініс қойып, соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

 Оқу-тәрбиелік жұмыс

 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
  

 

1-қазан қарттар күніне орай «Қарттар – асыл даналар»  акциясы ұйымдастырылып, ықшам ауданда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерін мектебіміздің оқушылары  мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар тарту етілді. Ауған соғысының ардагерлерімен мектеп-лицейде «Ауғанның от жалыны» тақырыбымен кездесу ұйымдастырылды. Кеште оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, ауған соғысы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар ықшамауданда тұратын ауған соғысының ардагерлерінің үйлеріне мектеп-лицей оқушылары құттықтап барып, гүл шоқтарын табыс етті.

 Оқу-тәрбиелік жұмыс Оқу-тәрбиелік жұмыс 
Өзін-өзі тану құндылықтарын қалыптастыру. 

 Интеллектуалдық мәдениетті дамыту мақсатында рухани-адамгершілік бағытын басшылыққа алып, жыл сайын Ұстаздар күніне орай «Ұстазым менің, ұстазым» атты мерекелік кештер мен ашық сынып сағаттары ұйымдастырылды.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмір гүлі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.Мектебімізде «Қыз елдің көркі» бағдарламасы аясында   «Аналар мектебі» жұмыс жасайды. «Көктем аруы» қыз сыны байқауы жыл сайын өткізіледі.

Оқу-тәрбиелік жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   Әуезов ауданының 40 жылдық мерейтойына орайластырылған «Супер әже» атты Әуезов аудандық жалпы білім беретін мекеме мұғалімдерінің арасында шығармашылық байқау өтті. Байқауға мектебіміздің ата-анасы ардагер  ұстаз Жұмекеева Нақан қатысып, ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлерінің озық үлгілерінен көрініс көрсетті. Немересімен қосыла ән шырқап, би билеп, күй тартып, қолөнер мен аспаздық шеберліктерін де кейінгі ұрпаққа үлгі етті. С.А.Назарбаеваның туған күніне орай «Махабаттың сарқылмас бұлағы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Жыл сайын Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында мектеп-лицей оқушылары Алматы қаласындағы № 1, № 2 балалар үйіне концерттік бағдарламамен барып қайтады. Сонымен қатар жинаған сыйлықтарын табыс етеді. 

Оқу-тәрбиелік жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Жасөспірімдерді мектеп қабырғасында өз мүмкіншілігін танып, көзқарасын, пікірін жеткізіп, ұсыныстарын іс жүзіне асыра білуге, өзін-өзі  басқаруға баулу мақсатында мектеп оқушыларының «Азамат» ұйымы жұмыс істейді. Ұйым құрамына мектеп президенті, вице-президент, оқу және білім  министрі, мәдениет министрі, спорт министрі, экология министрі, ішкі  істер  министрі кіреді және олар белгіленген өз міндеттерін атқарады.

Оқу және білім министрі  «Мектеп ережесін, мектеп формасын сақтай білеміз бе?», «Оқулықтардың жағдайы қандай?» атты рейдтер мен «Ең білімді оқушы» сыныпаралық сайысын ұйымдастырды.

Мектеп-лицейдің «Сақырлаған тентектер» КВН командасы Әуезов ауданы мектептерінің арасынан І орынға ие болып, қалалық жарыста өз өнерлерін көрсете білді.

Ана тілімізді дамытып, ұлттық салт дәстүрімізді, мәдениетімізді жаңғыртатын қалалық «Ең әдемі ару» байқауында 9 «А» оқушысы Ерғалина Балауса бас жүлде иегері атанды.


 Оқу-тәрбиелік жұмыс Оқу-тәрбиелік жұмыс 

 

Экологиялық және эстетикалық тәрбие

Экологиялық және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру мақсатында биология пәнінің мұғалімі Заирова Ә.С. «Экологиялық сақшылар»  тобын құрып, экологиялық айлыққа арналған жұмыстарды арнайы құрылған жоспар бойынша жүргізді. Сақшылар мектеп ауласы мен мектеп аймақтарының тазалығын бақылап, аудан тұрғындарына, ата-аналарға арналған қоршаған ортаны сақтауға шақыратын үнқағаздар таратты. Мектеп ауласына гүлдер мен ағаштар отырғызды.  «Таза қала – Алматы», «Алғашқы бәйшешектер» атты флешмобтарға, сенбіліктерге оқушыларымыз белсене қатысты.

Жолда жүру ережесі және өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында қыркүйек айында жолда жүру ережесін сақтау айлығы өтті. Айлық барысында 1-8 сынып аралағында  жолда жүру ережесі бағдарламасына сәйкес тәрбие сағаттары мен әңгімелер өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларының өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында  әрбір оқушы күнделігіне «Мектепке барар жол» сызбасы сызылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің көшеде жүру ережелерін үйрету мақсатында көше белгілеріне саяхат ұйымдастырылды.

«Айжан» театры  1-4 сынып оқушыларына  жолда жүру ережесін білу, жол тәртібін сақтау үшін «Алекстің хикаялары» атты театрландырылған қойылымын өткізді.

Мектеп-лицейдің оқушылары жыл сайын қаладағы түрлі мұражайларға барып, мұражай жәдігерлерімен танысып тұрады.  

Оқу-тәрбиелік жұмыс      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 


 

Отбасы тәрбиесі

Мектеп-лицей  ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

«Әке –  жауапты лауазым» атты 9 «А» сыныбының жетекшісі Ж.А. Дәрібаеваның жүргізуімен ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылардың ата-аналары тәрбие сағатына қатысып, өз ойларын ортаға салды. Балалар ата-аналарға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

 Оқу-тәрбиелік жұмыс Оқу-тәрбиелік жұмыс 

 

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед
 
uk casino adult dating sites review порно видео секс чат adult sex dating sex dating sites