«Абайдың «Толық адам» іліміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында кездесу » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абайдың «Толық адам» іліміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында кездесу
07
апрель
2023

«Абайдың «Толық адам» іліміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында кездесу

06. 04. 2023 жыл, сағ. 12. 30-да, Алматы қаласы, 173 -лицейде «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» тақырыбындағы апталық барысында, Абай мұрасы және «Толық адам» концепциясымен кеңінен таныстыру мақсатында Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Абай атындағы ҚазҰПУ «Ғылым декадасы 2023» аясында Тарих және құқық институты,Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының бір топ оқытушылар құрамы барып, қатысты. Дөңгелек үстел жұмысы барысында Мейрманов Аманжол Досжанұлы «Абайдың «Толық адам» іліміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада қозғалған тақырып, мектеп мұғалімдері мен оқушылары және институт оқытушыларының қызығушылығын туғызып, сұхбат барысында талқыланып, жан-жақты ашыла түсті. 173-лицей мен Тарих және құқық институты арасында осыған дейін білім беру және ғылыми жұмыстағы ынтымақтастық жайлы мемарандум қабылданған еді.  Мемарандум аясында ғылыми және педогогтық жұмыстағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту шаралары және мамандыққа бейімдеу аясында оқушыларға институт мамандықтары жайлы ақпарат берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: