«Инабатты қыз,иманды ұл тәрбиесі-ұлт қазынасы» » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Инабатты қыз,иманды ұл тәрбиесі-ұлт қазынасы»
20
декабрь
2023

«Инабатты қыз,иманды ұл тәрбиесі-ұлт қазынасы»

№173 мектеп-лицейің 6-7-сынып қыздары арасында «Инабатты қыз,иманды ұл тәрбиесі-ұлт қазынасы» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру. Жиналыста Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары    қыз баланың тәртібі, киіну үлгісі мен тазалық ережелеріне  тоқталды. Мектеп психологтары  зорлық-зомбылықтың алдын алу және зиянды әдеттерден аулақ болу бойынша дәріс өткізіп, бейнеролик көрсетті. Сонымен қатар, сенім телефондары мен сенім жәшіктері арқылы көмек ала алатындарын жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: