«Қош келдің, Жаңа жыл!» » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қош келдің, Жаңа жыл!»
25
декабрь
2023

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Бүгін бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті. Жөні де, орны да бөлек, әрі сән-салтанатымен, жоғары көңіл-күймен өтетін аталмыш кеш балалардың жүрегінде мәңгі сақталатындай етіп өткізу мектеп әкімшілігіне де, мұғалімдер үшін де үлкен міндет, әрі абыройлы шаруа болып табылады. Бұл іске жоғары сынып оқушылары да кірісіп, театрландырылған шоу көрсетіп, балалардың көңіл-күйін көтеруге барын салып жатады. Міне, бүгін мектебімізде ұйымдастырылған Жаңа жылдық шырша кеші әсем безендірілген залда мектеп парламенті мүшелері, белсенді оқушылардың атсалысуымен думанға толы салтанатпен өтті. Әртүрлі кейіпкерлердің киімін киіп келген балалар думанды кешке атсалысып, ән-билерін көрсетіп, өнерлерімен ерекшеленуге тырысты. Аяз ата мен Ақшақар өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге сыйлықтарын беріп, көңілдерін көтеруге тырысып бақты. Жалпы үлкен дайындықпен ұйымдастырылған шырша кеші жоғары деңгейде өткізіліп, балалардың көңілінде мәңгі қалатындай болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: