«№ 173 мектеп-лицей» КММ Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№ 173 мектеп-лицей» КММ Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы
11
декабрь
2020

«№ 173 мектеп-лицей» КММ Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының моделі – балалардың қазіргі замандық қоғамда өз орнын табуына, Отаншылдық және азаматтық жауапкершілікті сезінуіне, еркін шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді.

“Жас  Ұлан”  -  өскелең ұрпақты  жоғары  рухани  -  адамгершілік құндылықтар,  демократиялық  ұстанымдарға  негізделген қазақстандық  патриотизм  рухында  қалыптасқан  ұйым. 

Ұйымның мақсаты:  өскелең  жас  ұрпақтың  бойында  патриоттық,  біліммен  өзін – өзі  жетілдіруге  деген  құштарлық, беріктік, Отан  тарихына,  Тәуелсіз  Қазақстанның бүгіні мен болашағына  деген жауапкершілікке  тәрбиелеу

Ұйымның міндеттері: қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық  белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

2020-2021 оқу жылында ұйымға қабылданатын оқушылардың мәліметтер базасы жинақталды.Ұйым мүшелерімен, сыныптың Ұланбасылары мен сыныптың белсенділерінің мәліметтері алынды.


2-оқу тоқсанда 2020-2021 оқу жылының 16 Тәуелсіздік күні қарсаңында  «Жас Ұланға» қабылданатын оқушылар мәліметі жинакталып, 17 оқушы «Жас Қыранға» , ал 24 оқушы –«Жас Ұланға» қабылданатынын сынып жетекшілеріне ескертілді.  Нәтижесінде ІІ оқу тоқсанында 16 желтоқсан Тәуелсіздік қарсаңында 17 оқушымыз «Жас Қыранға», ал 24 оқушымыз «Жас Ұланға» қабылданды.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: