"Өзін-өзі басқару" ұйымы мүшелерін ұлықтау рәсімі » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өзін-өзі басқару" ұйымы мүшелерін ұлықтау рәсімі
27
январь
2022

"Өзін-өзі басқару" ұйымы мүшелерін ұлықтау рәсімі

№173 мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, мектептің қазіргі президенті Әділ Нұралы үміткерлер арасында ең көп дауыс жинаған.
Салтанатты жиын барысында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының экс-президенті Глебов Руслан сөз сөйледі. Өз кезегінде ол оқушыларға өткен оқу жылында атқарған үлкен жұмыстары үшін ризашылығын білдіре отырып, мектеп өмірін жаңа ұйым мүшелеріне сеніп тапсырды.
Өз лауазымына кіріспес алдында Әділ Нұралы мектеп алдында ант беріп, өзіне  жүктелген үмітті ақтайтынын айтты. Сонымен қатар, мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жаңа министрлері өздерінің алға қойған мақсаттарын айтып өтті.
Іс-шара соңында мектеп директоры Байымбетова Ләйлә Мұхаметжанқызы мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жаңа президентін құттықтау сөзін айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: