"Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас" сынып сағаты » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас" сынып сағаты
01
февраль
2022

"Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас" сынып сағаты

        "Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас" тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының алғашқы 15 минутында барлық сыныптарға мектеп Президентінің ұлықтау рәсімі таныстырылды.
        Сынып сағатының мақсаты: 
Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру
Оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту
Оқушыларды инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

       Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым - қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
        Қыз бен ер баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз бен ұл баланы құрметтеп, олардың алдыңда дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына, мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына, қарындастарына тарту етуді дәстүрге айналдырған. Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа түскен келіндер қайын-сіңлілерін, қайындарын атымен атамай еркелетіп «Еркежан», «Шырайлым», «Төре жігіт» деген сияқты аттар қойған. Жал-ғыз келе жатқан қызды көрсе оған қорған болып, баратын жеріне шығарып салу әрбір ер адамның парызы болып келген. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» дей отырып, осы қызғалдақтай болып өсіп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған.
         Міне, біздің ата – бабаларымыз осындай тәрбиелік мәні зор әдет – ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып келді. Қыз бен ер баланың тәрбиесіне бүкіл ел болып, сонымен бірге ата – анасы да үлкен мән берді. Олар қыздарын тұрмыстық мүліктерді даярлауға үйретіп, жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу өнерді олар бөгде босағаға бармай тұрып – ақ үйреткен.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: