«Ар-ұждан - адамдық өлшемі» дөңгелек үстел » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ар-ұждан - адамдық өлшемі» дөңгелек үстел
07
февраль
2022

«Ар-ұждан - адамдық өлшемі» дөңгелек үстел

«Ар-ұждан - адамдық өлшемі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

       «Адал ұрпақ» ұйымының жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылы 7 ақпан күні «Ар-ұждан - адамдық өлшемі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға «Адал ұрпақ» мүшелері мен 5-сыныптың өзге де оқушылары қатысты.
Аталған дөңгелек үстелдің мақсаты:
  • білім алушыларда жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде, осы құбылыстың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіну арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру;
  • азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну.
       Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ар-ұждан, намыс, абырой, жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, адалдық жөнінде бейнероликті тамашалап, өз ойларын айтты. Өздерінің жемқорлық жөнінде салып келген суреттерін қорғап, оның мағынасын түсіндірді. Өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шешіп, түрлі пікірлер білдірілді.
       Талқылау барысында білім алушы сыбайлас жемқорлық демократия мен құқықтық тәртіпті әлсіретеді, бұл адам құқықтарының бұзылуына алып келеді, нарықтық тетіктерді бұрмалайды, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және халықаралық қауіпсіздіктің басқа да қауіп-қатерлеріне ықпал етеді деген пікірге келді.
       Бұл қауіпті құбылыс барлық елдерде – үлкен және кіші, бай және кедей. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: