"Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі" семинар-тренинг. Жас мамандар отырысы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі" семинар-тренинг. Жас мамандар отырысы
14
февраль
2022

"Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі" семинар-тренинг. Жас мамандар отырысы

       Заманауи оқытушы – әрқашан да кәсіби деңгейі жоғары, педагогикалық дәстүрлі әдістер мен жаңа технологияларды жақсы білетін әрі оларды өз сабақтарында тиімді пайдалана алатын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, білімін үздіксіз толықтырып, шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білім алушылардың бәсекеге қабілетті маман болып шығуына қолайлы жағдай жасап, жан-жақты білім беретін, оқу-тәрбие ісін меңгерген тұлға. Арнайы педагогикалық білімі мен жұмыс өтілі жоқ, оқу орнын енді ғана тәмәмдаған жас мамандардың ұлағатты ұстаз атанып, оқушылардың сүйікті оқытушысына  айналуы үшін біраз нәрсені үйренуі қажет. Осы орайда жас маманға әдістемелік тұрғыда көмек беру үшін "Жас маман" мектебінің жетекшісі Копбаева Жанар Ордабекқызы және тарих пәнінің мұғалімі Бейсенбаев Ернұр Жоламанұлы "Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі" тақырыбында  семинар-тренинг өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: