"Сыңғырла күміс қоңырау" мерекелік жиыны » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сыңғырла күміс қоңырау" мерекелік жиыны
01
сентябрь
2022

"Сыңғырла күміс қоңырау" мерекелік жиыны

Мектебіміз сағына күткен сүйікті шәкірттеріне қауышып, дәстүрлі алғашқы қоңыраудың сыңғырымен салтанатты түрде жылды бастадық. Биылғы жаңа оқу жылы  кемел келешекке аяқ басқан еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы болады.
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
 Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл
 Роза Бағланованың туғанына 100 жыл
Қазыбек бидің туғанына 355 жыл
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай, "Сыңғырла күміс қоңырау" атты оқушыларға арналған жиын өтті. Мерекелік шара Әуезов аудан әкім орынбасары Арслан Бағланұлы мен мектеп директоры Ләйлә Мұхаметжанқызының берген ақ батасымен басталды. Білім күніне арналған салтанатты жиында  арнайы қуыршақ кейіпкерлері (аниматор) келіп, бүлдіршіндерімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аталған жиын мектеп табалдырыған аттап отырған шәкірттерге 11 сынып үздік оқушыларының әліппені сыйға тартуымен жалғасын тапты. 
 Берекелі жыл боларына үмітпен, сіздің- №173 мектеп-лицей ұжымы!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: