10
октябрь
2022
«Заманауи білім берудің талаптары - функционалдық сауаттылық» атты онкүндіктің ашылуы
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАЛАПТАРЫ – ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
2022 жыл 10 қазан күні бастауыш сынып бірлестігінде ««Заманауи білім берудің талаптары - функционалдық сауаттылық» атты онкүндіктің ашылуы өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары онкүндіктің мақсатын, міндетін және жоспарын түсіндіріп, мұғалімдер ұйымдастырған «Менің ғажайып әлемім» тақырыбындағы көрме таныстырылды. 1-4 сынып бүлдіршіндері күмбірлетіп күй тартып, әсем әндерімен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мектеп-лицей директоры Ляйла Мухаметжановна шараны қорытындылай келе, алдағы жұмыстардың тақырыпқа сай мағыналы өтілетініне сенім білдірді.
