09
февраль
2023
«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» әдеби сазды кеш
Бүгін Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген , қара өлеңнің жілігін шағып, майын ішкен ақиық ақын, Хантәңірінің мұзбалағы, бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы- Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Алматы қаласы, Әуезов ауданы №173 мектеп- лицейде «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өтті. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне қызығушылықтарын арттыру болды. Кеште оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындап,«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді көрсетті.