Ұлттық ойындар жарысы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық ойындар жарысы
17
март
2023

Ұлттық ойындар жарысы

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мектеп-лицей оқушылары арасында ұлттық ойындар бойынша жарыс өткізілді. Жарыс ұлттық ойындардың түрлері бойынша өткізілді: аса таяқ, арқан тарту және т.б.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға­сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пай­даланудың зама­нымызға сай ұр­пақ тәрбиелеуде ора­сан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: