Жемқорлық — індет, жою — міндет! » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жемқорлық — індет, жою — міндет!
24
ноябрь
2020

Жемқорлық — індет, жою — міндет!

#173 мектеп-лицейдің 10 “А” сынып оқушыларының “Жемқорлық — індет, жою — міндет!” тақырыбына арнайы түсірілген видео материалды тамашалаңыздар.
🔹 Рухани азғындау баласының әкесін, шешесін өлтіруге, баладан бас тартуға т.б. жантүршігерлік істерге әкеліп соқтырып жатыр емес пе?! Сол себепті де, азаматтарымыздың жан-дүниесіне мөлдірлік сыйлар рухани байлығымызды кең тұрғыда насихаттаумен айналыссақ, жетер жетістігіміз толымды болмақ. Рухани байлық пен материалды байлықты тең дәрежеде ұстай алғанымызда ғана қоғамымыздың дамуы орнықты болары сөзсіз. Жеке тұлғаның адамгершілік санасының биіктігі оның алған тәлім-тәрбиесі, мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайтын өлшем болып табылады. Әрбір тұлғаның өзіне тән барлық адами қасиеттері рухтан нәр алады. Ал жаман, жағымсыз қасиеттер нәпсінің көрінісі. Міне, осы себепті де біз жемқорлықпен күресті рухани сананы тазартудан бастасақ, әрбір адам нәпсінің тұтқындығынан босап, елі мен жеріне адал қызмет етер азаматқа айналар еді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: