Жетістіктеріміз » Страница 3 » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық "Polyglot" байқауының нәтижесі
01
апрель
2022
Қалалық "Polyglot" байқауының нәтижесі
"Polyglot" қалалық физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша өткізілген бейне-сабақ байқауының нәтижесі
Жәутіков олимпиадасы
24
февраль
2022
Жәутіков олимпиадасы
Алматы қаласында өткен Халықаралық XV Жәутіков олимпиадасында 18 елдің үмітін арқалаған 540 оқушының ішінен рухтың білімімен жаңғырған жұлдыз атанып, №173 мектеп-лицейіміздің абыройын асқақтатып, қола медалін иеленіп, ұстаздар сенімін ақтағаның үшін 10 "Г" сынып оқушысы Бисимби Досжанды мектеп ұжымы атынан құттықтаймыз!
Республикалық ғылыми жоба жеңімпазы
23
февраль
2022
Республикалық ғылыми жоба жеңімпазы
Республикалық ғылыми жоба конкурсы тарих пәнінен  10 "Г" сынып оқушысы Жапар Әнел жүлделі 2 орынды иеленді. Жетекшісі: Оспанова Манат Сибатовна
МФТИ олимпиадасы. Мектебіміздің мақтанышы!
11
февраль
2022
МФТИ олимпиадасы. Мектебіміздің мақтанышы!
       Қоржынымызға тағы да бір жетістік! Бисимби Досжан – 10 «Г» сынып оқушысы , әрі мектебіміздің мақтанышы. Сізді үлкен жетістігіңізбен құттықтаймыз!!!        Досжан Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарының бірі ұйымдастырған МФТИ олимпиадасынан физика пәні бойынша 40/40 балл жинап, 10 сынып оқушылары арасынан жүлделі 1 орын иеленді. Жетекшісі: Тлеубаев Мейрамбек Сіздерге мектебіміздің мәртебесін әрдайым биік ұстап, алар асуларыңыз көп болсын деп тілек білдіреміз!
М.Мақатаев шығармашылығына арналған "Жыр қанатында" байқауы нәтижесі
10
февраль
2022
М.Мақатаев шығармашылығына арналған "Жыр қанатында" байқауы нәтижесі
        Балалар жылы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жырларына негізделген қалалық "Жыр қанатында" атты поэзия оқудан өткізілген онлайн байқауда  2 "б" сынып оқушылары Тлеухан Айсұлтан мен Қамқабай Зұлхарнай жүлделі орындарға ие болды. "Үздік қатысушы" дипломы мен Сыйлық табыс етілді. Жоғары деңгейде ат салысып,үздік тәлімгерлік танытқаны үшін  Жакупова Алмагуль Серикбаевна Алғыс хатпен марапатталып, Сыйлық тарту етілді.
Мектебіміздің мақтаныштары
29
январь
2022
Мектебіміздің мақтаныштары
       Дарынды балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған "Тәуелсіздік - тұғырым" атты республикалық ән байқауында 173 мектеп-лицей оқушылары өнер көрсеткен болатын. Аталған байқаудың толық нұсқасы таңғы сағат 8:00 де Алматы телеарнасынан көрсетілді. Байқауды You Tube арнасынан да тамашалай аласыздар! Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі: Матбуса Шолпан Балтабайқызы
"Халық алғысы" медальімен марапатталды
24
декабрь
2021
"Халық алғысы" медальімен марапатталды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша 2 "А" сынып жетекшісі Садықова Бақытгүл Сейітсұлтанқызы "Халық алғысы" медальімен марапатталды. 
Республикалық ғылыми жобалар
23
декабрь
2021
Республикалық ғылыми жобалар
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жүлдегері 10 "Г" сынып оқушысы Жапар Әнел II дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Оспанова Манат Сибатовна 
Республикалық ғылыми жобалар
22
декабрь
2021
Республикалық ғылыми жобалар
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жүлдегері 11 "В" сынып оқушысы Марат Аружан II дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: география пәні мұғалімі Ахметова Динара Шакеновна