20
апрель
2023
Сейсмикалық оқу-жаттығу
2023 жылдың 20 сәуірінде Алматы қаласының ескерту жүйесін тексеру барысында «Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезіндкгі Алматы қаласы азаматтық қорғаудың аумақтық ішкі жүйесі органдары мен күштерінің іс-әрекеті» тақырыбында сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сейсмикалық оқу-жаттығу жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де қалада дабыл берілген кезде жүргізілді. Сейсмикалық оқуға 1660 бастауыш және жоғары сынып оқушылары (1-11 сыныптар), сонымен қатар мектептің 45 сынып жетекшілері, 18 пән мұғалімдері, медицина қызметкері қатысты.
Сейсмикалық оқу-жаттығуда жер сілкінісі туралы, жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстау керек, жер сілкінісі кезінде қандай шығу жолдарын пайдалану керек, дабыл қобдишасы не үшін қажет және оны қашан қолдану керектігі айтылды. Сондай-ақ жер сілкінісі кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын көрсетті. Сейсмикалық дайындық кезеңінде баспанасыз және санитарлық шығынға ұшыраған зардап шеккен халықты қабылдау пункттерін тәжірибе жүзінде орналастыру жұмыстары жүргізілді.