Карантиндік сақтану шаралары » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Карантиндік сақтану шаралары
15
октябрь
2020

Карантиндік сақтану шаралары

 Алматы қаласы, Әуезов ауданы № 173 мектеп-лицейде 2020 жылдың 13 қазан күні 1-11 сыныптар арасында «COVID-19 туралы не білу керек?» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Барлығы 83 сынып, 2302 оқушы. Ата-аналарға ватсап желісіне бейнероликтер жіберілді. Қамтылған ата-ана саны 5320.
Мақсаты: Әлемдегі барлық адамдар коронавирус (COVID-19) ауруы жайлы ақпаратты алып, өздерін және жақындарын коронавирустан қорғау үшін қажетті сақтық шараларын қолдану . Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамының коронавирус туралы жіберген бейне роликтерін оқушылар мен ата-аналарға көрсетіп,түсіндіру. Коронавирус туралы миф пен шындықты айту.
Covid-2019 симптомдары : коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:
дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;
құрғақ қатты жөтел;
бастың ауруы;
кеуде тұсының ауруы;
ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;
жүрек қағысының жиілеуі;
пневмония;
безгек;
мұрынның бітуі;
фарингит;
диарея.
Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілген жөн.
Коронавирус қалай жұғады?
Коронавирус респираторлық жолмен жұғады.Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе, ауруды жұқтырады. Сондықтан, коронавирусқа шалдыққан адамнан 2 метрден аса қашықтықта жүру маңызды. COVID-2019 жұқпасының белгілері басқа да респираторлық аурулардың белгілеріндей болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел және дене қызуының көтерілуі жатады. Кейбір адамдарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге әкеледі.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: