05
июнь
2023
ЛАГЕРЬДЕГІ АЛҒАШҚЫ КҮН
Бүгін 05.06.2023ж. мектеп–лицей жанындағы «БАЛДӘУРЕН» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Байымбетова Л.М. оқушыларға лагерьде әр күндерінің қызыққа толы боларлықтай өткізулеріне тілек білдіріп , сәттілік тіледі. Алғашқы күні оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараға қатысқан балалармен қатар көрермен болған ата-аналар да ризашылық білдірді.