"Ғарыш әлемі" көрмесі » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ғарыш әлемі" көрмесі
12
апрель
2022

"Ғарыш әлемі" көрмесі

         Мақсаты: 12 - сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінігін кеңейту. Ғарыш, ғарыш кемесі, ғаламшар, аспан денелері ұғымдарын қалыптастыру. Еске сақтау қабілетін, зейінін, тілін, байланыстырып сөйлеу дағдысын түзете - дамыту, сөз байлығын кеңейту, ұсақ қол қозғалысын, икемділігін, қиялын дамыту.
 Зейінділікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу; ғарыш туралы білуге қызығушылығын арттыру.

         12 сәуір-Ғарышкерлер күні, адамның ғарышқа алғашқы ұшуын атап өтеді. Осыдан 58 жыл бұрын тарихта Юрий Алексеевич Гагарин ғарыш кеңістігіне алғашқы ұшқан адам болды. Алматы қаласының №173 мектеп-лицей  фойесінде осы атаулы күнге орай ғарыш туралы, қазақстандық ғарышкерлердің дамуы туралы "Ғарыш әлемі" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Балалар қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіровтың, Талғат Мұсабаевтың, Айдын Айымбетовтің ұшуына дайындықтың қиын жолы туралы біліп, сурет көрмесін үлкен қызығушылықпен қарап шықты. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: