14
август
2023
«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық.
Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық ба-ласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жет-кіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс. Осыған орай жыл сайын еліміз көлемінде «Мектепке жол!» атты республикалық акциясы өткізіліп келеді
– Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде. Бұл бір реттік қана көмек емес, жыл бойы жалғасып отыратын үрдіс. Осы ретте акция кезінде ғана емес, басқа уақытта да тұрмысы төмен отбасын азық-түлікпен, балаларды қыстық киіммен қамтып, тұрақты демеушілік көрсетіп тұратын азаматтардың бары қуантады.
Акция аясында оқушылар оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен қамтылып келеді. Бұл іске облысnық, аудандық әкімдіктен бастап, басқарма, департаменттер, түрлі мекеме, ұйымдар белсенді түрде атсалысып келе жатқанын айта кеткен орынды. Сол сынды ата-аналар, ұстаздар, кәсіпкерлер де¬меушілік көмек көрсетуде. Қуаныш пен күлкі сыйлап отырған барлық демеушіге, осы істің ұйытқысы болып жүрген ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. Акцияның алғашқы айында бірқатар оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтылды. Акция әлі күнге дейін жалғасын табуда. Жалпы оқу қорынан 110 оқушының ата-анасының шотына 1 реттік қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жаңа оқу жылы басталғанша 11 баланы мектепке даярлаймыз. Ол үшін әлі де демеушілер іздестіріп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін үлес қосқан жандар да баршылық. Жыл сайын акцияны өз деңгейінде өткізіп келеміз
Жыл сайын балаларға мейірім мен шуағын төге келетін акция көпшілік көмегімен өз дәрежесінде өтеріне сеніміміз мол. № 173 мектеп-лицей әкімшілігі