Хаттама №3 » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
июнь
2018

Хаттама №3


Хаттама №3


2017-2018 оқу жылының Алматы қаласы Әуезов ауданы

«173 мектеп-лицей» КММ-нің Қамқоршылық Кеңес  жұмысының қорытындысы 








Өткізілген уақыты: 03.06.2018 жыл

Өткізілген орны: 206 кабинет

Отырыстың басталуы: 17.00 сағ.

Отырыстың аяқталуы: 20.00 сағ.

Отырыстың төрағасы: Оспан Жанкелді Көшімбайұлы

Отырыс төрағасының орынбасары: Салина Римма 

Қатысқандар: Момбаев Е.К., Сүлейменова А.А., Садекова Н.А.,  Осан Ж.К.,  Садекова Н.Ж., Темиралиев М.М, Тажибаева М. Р., Баймаханова А.А., Примбетов Н.Н.,Устелбаев Е.,Раимова А.,Салина  Р., Даулетов А.Н., Дәркенбаева Ш.Ш.,Мухамадиев Д.Ж., Адешов М.К., Сабырбаева Э.Т., Садыкова Г., Рахымгазиева Г.,  Алимтаева Р. К., Акбалиева Б.К.

Қатыспағандар: Хабибуллина Ш., Мелдешов Ғ., Омаров А.М.


Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

  1. 2017-2018 оқу жылының «№173 мектеп-лицей» КММ-нің қамқоршылар кеңесінің жұмысының қорытындысы;
  2. 2018-2019 оқу жылына Қамқоршылық Кеңесінің жұмысын жоспарлау;
  3. 2018-2019 оқу жылындағы Қамқоршылық Кеңесінің есеп-шотын ашуды жоспарға енгізу;

Тыңдалды:

      І мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрағасының орынбасары, 6 сыныптар бойынша ата-аналардың өкілі Салина Риммасәуір айының 17-не құрылған Қамқоршылық кеңесі туралы мағлұмат берді. 10.05.2018 жылы өткен Қамқорлық акцияның өткізілгені туралы айтты. 17.04.2018, 17.05.2018 жылы өткізілген жиналыстарды қорытындылады.

    ІІ мәселе бойынша 7 сыныптар бойынша ата-аналар өкілі Мухамадиев Данияр Жайлауханович пен 2 сыныптар бойынша ата-аналар өкілі Темиралиев Мурат Маликович сөз алып, кеңестің мүшелері жасаған жылдық жоспарын ұсынды.

«173 мектеп-лицей» КММ Қамқоршылық Кеңесінің 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жоспары

Іс-шара

Мерзімі

1


№173 мектеп-лицейдің Қамқорлық кеңесінің мүшесін сайлау.(11 сынып оқушылырының бітіруіне байланысты ата-аналарды қайта сайлау) Қамқоршылық кеңес құрамының мүшелерінің атқаратын қызметін тағайындау.

Қыркүйек

1 тоқсан басында.

07.09.2018жыл

2

ҚР «Бала құқықтары туралы» заңының іске асырылуы

қыркүйек

3

Үштік одақтың қызметін жандандыру (мұғалім, оқушы, ата-ана)

қыркүйек.

4

Қамқорлық акциясын өткізу «Мектепке жол»

Жыл (тоқсан)сайын

5

Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысында басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу.

қыркүйек

6

Қамқорлықтағы бааларды санаттар бойынша топтау.Материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау, зерттеу.

қыркүйек

7

Мемлекеттік тіл-Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл.

қыркүйек

8

«Ұлттық жоспар» функционалдық сауаттылық.Мұғалім, оқушы, ата-ана.

қыркүйек

9


қазан

10

«Мәртебелі ұстаз» атты конференция ұйымдастыру.

қазан

11

Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептегі тәрбие мазмұнын жаңарту жолдары.

қазан

12

Адамгершілік ( мейірімділік, аяушылық, тұлғалық қасиет). Жауапкершілік. Азаматтық ұстанымы( заңға, мектеп жарғысына бағынуы) Қамқоршылық кеңестің «Сәтсіз отбасымен» коучинг өткізу.

қазан

13

«Сенім телефоны» және «сенім жәшігі» жұмысын ұйымдастыру. (Психологиялық-педагогикалық кеңестер)

қазан

14

«Күзгі бал» мерекелік іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесу.

қазан

15

«Бала және отбасы, қоғам». Қамқоршылардың тұрмыс жағдайларын зерттеу және бала құқықтары орындалуын тексеру мақсатында рейд ұйымдастыру.

қазан

16

Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жас өспірімдердің қоғамдық ұйымымен танысу. «Жас Қыран»(1-4 сынып), «Жас Ұлан» (5-8) сынып), Өзін өзі басқару. (9.-11 сынып). Оның мақсаты мен міндеттері,қызметтері мен қағидалары,мүшелік, оған қабылдану және шығу.

қараша

17

 Жыл сайынғы оқушылардың шығармашылық фестивальдерін өткізу. Өзінің міндеттерін түсінетін, рухани адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі дамыту,жетілдіру.

қараша

18

 «Фокустық топ» құру. Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырыстарын  өткізу


қараша.2 тоқсан басында.

17.11.2018жыл.

19

Мектепте оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту. 1.Ғылыми –зерттеу.Озық отандық және шетелдік шығармаларды,зерттеуді жүргізе отырып, білім беру мен тәрбиенің барлық деңгейі бойынша  моноторинг жүргізу.

қараша

20

Функционалдық сауаттылық:ғылыми зерттеу, мектепішілік,аудандық,қалалық олимпиадаға дайындалуға ықпал жасау.

қараша.

21

«Аялы алақан» атты педагогикалық практиум өткізу.(Белсенді ата-аналар мен сынып жетекшілерінің кеңесін мен шынайы тәрбие жағдаяттары арқылы ата-аналар мен педагогтардың тәжірибелерін пайымдау.

қараша

22

«Гүлдене бер-Қазақстан» атты мерекелік кеш ұйымдастыруға ат салысу.

қараша

23

«Екі жұлдыз» байқауы. Мұғалім мен оқушы.

қараша

24

Қамқоршылық кеңес мүшелері  үшін ашық есік шарасын ұйымдастыру

қараша

25

«Цифрлі Қазақстан» атты баспасөз конференция өткізу. Үш одақ.Мұғалім, ата-ана, оқушы.

Жыл бойы

26

«Мен және мінез» Психологиялық –педагогикалық консилиум.Бала дамуы,оның мінез-құлқын түзету, проблемаларын шешу.

Желтоқсан

27

«Елбасы –руханият тірегі». Баспасөз конференциясы. Кеш ұйымдастыру.

желтоқсан.

28

«Тарихым-алтын қазынам» атты ғылыми жобаға қатысқан оқушыларға қолдау көрсету.

Желтоқсан

29

Қайырымдылық акцияларын өткізу арқылы бала мен отбасына көмек беру

желтоқсан

30

«Тәуелсіздік шапағаты». Баспасөз конференциясы. «Сұрақ-жауап» түріндегі қатынас. Кездесу ұйымдастыру.

Желтоқсан

31


желтоқсан

32

«Жаңа жыл» мерекелік іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесу

желтоқсан

33

Қамқоршылық кеңестің 3 отырысы. Мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізуге ат салысу. Қамқоршылардың тұрмыс жағдайларын зерттеу және бала құқықтары орындалуын тексеру мақсатында рейд ұйымдастыру.

қаңтар. 3 тоқсан басында өтеді. 

17.01.2019жыл.

34

Патриоттық сананы қалыптастыру.Отанды:Қазақстанның мәдениетін,тарихын,фольклорын,салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу. Елдің жетістіктері үшін жауапкершілік пен мақтаныш сезімін дамыту. Бірлескен мәдени-көпшілік шаралар өткізу.

қаңтар

35

«Жас маман» байқауы.Ұстаздар арасында өткізіледі. Ашық есік күні

қаңтар

36

Жалпы білім қорынан қажет ететін жанұяларға қаржы бөлу

қаңтар

37

Интернетте оқушылардың қауіпсіздігі

қаңтар

38

Ата – аналарға педагогикалық жаппай оқуды ұйымдастыру оқушылардың арасында салауатты өмір салты және құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүргізу

қаңтар

39

«100 есім.Ә.Қ.Өтешке құрмет.» Математикалық олимпиада ұйымдастыру. Үш одақтың бірлестігін жандандыру мақсатында өтіледі.

қаңтар

40

«Бала құқықтары туралы конвенция» . 1-54 бап бойынша ақпарат беру.

ақпан

41

«Әке, ана және мен» атты мектепішілік (1-4 сыныптар аралығындағы) ата-аналарға жарыс ұйымдастыру.

ақпан

42

«Мен әлемді танимын» атты ғылыми жоба мен «III Mathematics and Science Wizards»  қалалық математикалық олимпиадаға қатысқан оқушыларды ынталандыру.

ақпан

43

«Ең үздік сынып жетекшісі-2019» байқауын ұйымдастыру.

ақпан

44

«Жарқын болашақ» аудандық 5 бағыттан тұратын бацқауға оқушыларды қатыстыруға ат салысу.

ақпан

45

«Қара өлең құлагері» атты М.Мақатаевқа әдеби кеш ұйымдастыру. Баспасөз конференциясы.

ақпан

46

«Алтын жүрек анамыз» аудандық байқауға қатысқан оқушыларды ынталандыру

ақпан

47

«Көктем шұғыласы» атты мектепішілік  ата-аналар жарысын ұйымдастыру.

наурыз

48

Мектеп алаңын көгалдандыру, санитарлық   тазалық бойынша жұмыс атқаруға көмек көрсету. Көктемгі айлық.

наурыз

49

Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шараға қатысу.

«Аналар-асыл жандар» атты мерекелік кеш ұйымдастыру.

наурыз

50

«Мен қазақтың қызымын» мектепішілік байқауға ат салысу.

наурыз

51

«Сала үздігі-2019 жыл» бірлестіктердің арасында жарыс ұйымдастыру.

наурыз

52

«Наурыз» мерекелік іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесу

наурыз

53

«Мінез-жанның айнасы» атты ата-аналар лекторийлерін өткізу.Ата-аналар балаларының психологиялық, функционалдық, құқықтық сауатын көтеру.

наурыз

54

«Жанұя бақыты» атты 

сәуір

55

Қамқоршылық кеңестің 4 отырысы.

сәуір.4 тоқсан басында

17.04.2019жыл.

56

«Ең үздік педагог» байқауы

сәуір

57

«Қолөнер –сырлы өнер» атты ата-аналар хабаршысын ұйымдастыру.Үштік одақпен өткізу.Дөңгелек үстел

сәуір

58

«Әлеуметтік желі жайлы пікірі» атты психологиялық-педагогикалық кеңестер өткізу. Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар.

сәуір

59

«Ұстаздық еткен жалықпас» атты дөңгелек үстел. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған, ғылыми жобаға қатыстырған,конференция мен семинарлар өткізген, ауданға,қалаға,республикаға сабақ берген ұстаздарды марапаттау.

сәуір

60

Оқу-материалдық базасының сақталуы мен үнемі толтыруын қамтамасыз ету.

сәуір

61

Жалпы білім қорынан қажет ететін жанұяларға қаржы бөлу

мамыр

62

Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының жазғы демалысын    ұйымдастыруға көмек көрсету

мамыр

63

«Мәңгілік ел ұстаздары» атты мұғалімдер мен ата-аналарға арналған клуб тың отырысы.

мамыр

64

«Салауатты өмір салты. Бейбітшілік» атты сурет байқауын ұйымдастыру.

мамыр

65

«Мәңгілік ел есінде» атты мерекелік кеш ұйымдастыру.

мамыр

66

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй» атты әдеби кеш өткізу. Мұғалімдер, ата-аналар,оқушылар ұйымдастырады.

мамыр

67

Қамқоршылардың оқу жылы аяғындағы және жаз мезгілін  ұйымдастыру жөніндегі  есеп беруі. Қамқоршылық кеңестің 5 отырысы.

03.06.2019жыл.

№5 отырыс.



3 мәселе бойынша 8 сыныптар ата-аналардың өкілі Адешов Мұхтар  2018-2019 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің есеп-шотын ашуды жоспарға енгізу туралы ұсыныс жасады. 7 сыныптар бойынша ата-аналардың өкілі Мухамадиев Данияр Жайлауханович, 6 сыныптар бойынша ата-аналардың өкілі Салина Римма, 5 сыныптар бойынша ата-аналардың өкілі Раимова Айгерім, Баймаханова Анар Адамбаевна, Сабырбаева Эльмира Тургановна қолдап, барлығы біракуыздан мақұлдады.


Қаулы:          

1.2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі қанағаттанарлық деп бағалансын.

2. 2018-2019 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары іске асырылсын.


  1. 2018-2019 оқу жылы Қамқоршылық Кеңесінің есеп-шотын ашуды жоспарға енгізілсін;


Төраға: Оспан Жанкелді Көшімбайұлы

Хатшы: Копбаева Жанар Ордабековна

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 май 2018 Хаттама №2
17 апрель 2018 Хаттама №1