Қайырымдылық жасау- игілікті іс. » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымдылық жасау- игілікті іс.
21
август
2023

Қайырымдылық жасау- игілікті іс.

    Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір ізгі қасиет.  Олай дейтініміз ізгіліктің өзі – адамның адамға деген таза ниеті мен бір- біріне деген сүйіспеншілік көмегі. Жақсылық  жасау- имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Қайырымдылық жасасаң , қайырын өзің көресің,- дейді дана халқымыз.Осыған орай қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен игілікті істер ,акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар саны артуда.Соның бірі- жаңа оқу жылы алдында оқушылардың алаңсыз білім алуына «Мектепке  жол- Шекарасыз Жақсылық»   Республикалық акцияның  дәстүрге айналғаны баршамызға аян.  Акция барысында оқушылардың толық тізімі жасалып, әлеуметтік тұрмысы төмен , аз қамтылған отбасынан шыққан көп балалы   білім алушылар саны анықталып, шара аясында әртүрлі көмек көрсетіліп жатыр. Қайырымдылық жасау- әр адамның қолынан келетін іс. Әрбір жасалған істе ізгілік, мейірімділік,  адамгершілік, қасиеттердің көрініс табары сөзсіз. Жаныңда жүрген жандарға қуаныш сыйлап, жүрек жылуын бере білгеннің өзі - қазақ халқына тән , ұлттық қасиетіңіз бен көрегендігіңіздің жемісі деп біліңіз. Осының айғағы ретінде Алматы қаласы, Әуезов ауданы №173 мектеп-лицей ұжымы мен ата-аналар да бірнеше балаларға қуаныш сыйлап, акцияға өз үлестерін қосып, көпшілік алғысына ие болып отыр.Бірнеше оқушыға мектеп формасы мен кеңсе заттарын әперіп, көмекке зәру жандарға  қуаныш сыйлап, ел алғысына бөленіп отыр. Әрбір жасалған істің  артында қайыры бар демекші , жақсылық жасайтын жандар әрқашан арамыздан табылып жатқаны қуантарлық жағдай. Жылы сөз бен мейірімге мұқтаж жандардың   жанына шуақ шашып,  көңілдеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жатсақ нұр үстіне нұр болар еді. Әрбір адам  кішіпейіл де әділ, қайырымды болуы тиіс. Айналамызға ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсету – адамгершіліктің ең үлкен құнды қасиеті екенін ұрпақтан –ұрпаққа үлгі ете отырып, ел алғысына бөленуден артық сый жоқ екендігін жеткізе алсақ үлкен игілікті істің шыңына жету деп түсінемін.
 
                                                                                                       Гульара Бағашарқызы
                                                                                                       №173 мектеп –лицей қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: