«Мектебім-мейірім мекені» » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектебім-мейірім мекені»
01
сентябрь
2023

«Мектебім-мейірім мекені»

Алтын ұя мектебіміз 2023-2024 оқу жылына арналған салтанатты жиынға сап түзеді. Бұл жиын мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндер мен үлкен  өмірге қадам  басып, алғашқы қоңырау үнін соңғы рет естігелі тұрған 11-сынып түлектері үшін ерекше. Жиын басында мектеп директоры Л.М.Байымбетова  барша білім алушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Мектеп  оқушыларының өнерлерін тамашалап, құттықтау сөз кезегі Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Шалтен Жайық Алтайұлына берілді. 1 сынып оқушыларын 2023 жылғы 1 қыркүйекте республиканың  барлық жалпы білім беретін мектептерінде « Әділетті Қазақстан: сапалы білім,адал ұрпақ,табысты ұлт » тақырыбында өткізілетін білім күніне арналған ашық сынып сағатымен жалғасын тапты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: