Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезіне қатысты
05
октябрь
2023

Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезіне қатысты

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқавтың қатысуымен Ақордада Республикалық педагогтер сьезі өтті. Ел президенті бұл жиынның маңыздылығын айта отырып, ұстаздың – ең қадірлі мамандық екенін баса көрсетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуына үлес қосып жүрген әрбір саланың мамандарын маман етіп тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан ол – ұстаздар. Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» болатын Елімізде соңғы он жылдың ішінде білім беру саласында елеулі оң өзгерістер болып жатыр. Мемлекет басшысының бүгінгі педагогтер сьезіндегі баяндамасында «Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісінің ең маңызды буыны. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды» деген сөздерінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімдерге үлкен үміт артқандығы байқалады. 

Осы ретте Ел Президенті педагогтер сьезінде көтерген екінші мәселесінде былай дейді: 

«Ғалымдар 2050 жылға қарай қазіргі кәсіптердің жартысына жуығын цифрлық және техникалық жүйелер алмастырады деген болжам айтуда. Сондықтан азаматтарымыз жаңа заманға қажетті дағдыларды үйренуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бұрын «алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсінік бар еді. Енді оның орнын «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басуы керек. Қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом немесе сертификат емес. Олар іздене білетін, жаңа талапқа икемделе алатын, тәртіпті және ұқыпты жас мамандарды бағалайды. Яғни, қызметкердің қолындағы қағазға емес, қарым-қабілетіне мән береді. Сондықтан әр азамат үздіксіз оқуы керек», – деп айрықша атап өткендей, ҚР Оқу ағарту министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпанындағы 57 бұйрықтың 3-тарауында  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу» туралы бекіткен болатын. Аталған бұйрық енгізілгеннен бастап білім беру ұйымдарына мамандарды қабылдау кезінде педагогтің жаңа талапқа икемделе алатынын және қазіргі заман талабына сай білім беру процесін меңгергендіге қарап қабылдау мүмкіндігі туды. 

Қазіргі таңда сапалы білім беру мен мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Президенттің саясатын іске асыру үшін әрқайсымыз жүктелген міндеттерімізді абыроймен атқаруға тиістіміз. Сондықтан ұстаздар қауымы алдымызда отырған білімді бүлдіршіндерден болашақ жақсы тұлға жасап шығаруда бар күш-жігерімізді салайық. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: