Сынып жетекшілермен өткізілген әдістемелік күн » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып жетекшілермен өткізілген әдістемелік күн
17
февраль
2022

Сынып жетекшілермен өткізілген әдістемелік күн

17.02.2022 күні сынып жетекшілерге жас ұрпақ тәрбиесінің тамырын ұлттық құндылықтар нәрімен сусындатып, сынып сағаттары мен ата – аналар жиналысын жаңа форматта өткізуіне және өзіндік стиль қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсету мақсатында арнайы маман қатысуымен «Ұлт болашағы- саналы ұрпақ» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. №173 мектеп-лицей директоры сынып жетекшінің оқушы мен ата-ана алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі сынып сағаты мен ата-аналар жиналысын өткізу шеберлігіне байланысты екенін айтты. Бүгінгі күні ұлттық тәрбиенің саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңызды роль атқаратындығы - сынып жетекші алдындағы үлкен жауапты іс.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласы Білім басқармасы Педагогикалық Ғылымдар Академиясы Әл- фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ғылым жолындағы ұстаздар ізденісінің нәтижесінде жарық көрген сынып жетекшілерге және ата-аналарға арналған әдістемелік нұсқаулықтар - «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру» тұжырымдамасының аясында тәрбиенің 8 бағытын қамтып төмендегідей тақырыптар әдістемелік нұсқаулық ретінде қосымша беріліп отыр.
«Ұлт болашағы – саналы ұрпақ» - бірінші бағыт
«Саналы ұрпақ тәрбиесі» - бірінші бағыт
« Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері» - үшінші бағыт
«Ұлт тарихы – ұрпақ мақтанышы» - үшінші бағыт
« Мамандық таңдау- маңызды шешім» - алтыншы бағыт
«Салауатты өмір салты» - төртінші бағыт
«Ата- ана болу – ұлы міндет» - екінші бағыт
«Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету» - бесінші бағыт
Осыған орай алдағы уақытта сынып сағаттары мен ата – аналар жиналысын ұйымдастыруда осы әдістемелік нұсқалықтарды басшылыққа алу
көзделеді. Сондықтан бүгінгі семинар барысы да осы болды. «Сынып жетекшілердің сынып сағатын ұйымдастырудың заманауи технологиялары» тақырыбында өз тәжірибесімен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагог-психолог Толешова Ұлмекен Болатқызы бөлісіп, сынып жетекшілерге сынып сағатындағы тиімді әдіс-тәсілдерді қалай жүзеге асыруға болатынын үйретті. Семинар өз деңгейінде өтіп, сынып жетекшілер өз ойлары мен ұсыныстарын,ізгі тілектерін жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: