«Жарқын жүзді ұстазым!» » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жарқын жүзді ұстазым!»
05
октябрь
2023

«Жарқын жүзді ұстазым!»

5-қазан күні мектебіміздің 11 сынып түлектері «Жарқын жүзді ұстазым!» атты ұстаздарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырды. Кешіміз Ляйла Мухаметжановнаның ізгі тілегімен басталып, төл мерекеміз «Ұстаздар күніне» орай ұстаздарымызға қалалық, аудандық және мектепішілік алғыс хаттары табысталды. №173 мектеп-лицей қабырғасында білім берген ардагер ұстаздарымыз да кешке шақырылып, ол кісілерге арналған гүл шоқтары табыс етілді. Іс шараның негізгі мақсаты ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. Түлектеріміз сынып жетекшілерімен қосылып ән шырқап, өнерлерін дүйім жұртқа паш етті. Мерекелік кешіміз ойынмен, бітіруші білім алушыларымыздың флешмоб, вальс биімен жалғасын тапты. Оқушыларымыз бен сынып жетекшілері ұйымдастырған мерекелік кеш ұстаздар көңілінен шығып,алғыстарын жаудырды.

Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіп жүре беріңіздер!  Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: