11
октябрь
2023
Мектепішілік ұлдар жиналысы
11 қазан №173 мектеп-лицейінде 6-7 сынып білім алушылары арасында мектепішілік ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа мектебіміздің инспекторы Анаркулова Д.Е. қатысып, ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында баяндама оқыды.