13
октябрь
2023
"Мен сенің өміріңнің жалғасымын..."
"Мен сенің өміріңнің жалғасымын..." атты әке мен бала арасында іс-шара өтті. Әке деген ұлы есім... Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке бәріне қымбат. Қазақ әкенің тәлімі мен тәрбиесін қадір тұтады. Шараның мақсаты – қоғамдағы әкелердің рухани орнын насихаттау.
Оқушыларға отбасындағы риясыз сүйіспеншілік туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әкеге деген бала махаббатын ояту.
