«Елбасы – елдің тірегі!» » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Елбасы – елдің тірегі!»
07
декабрь
2021

«Елбасы – елдің тірегі!»

https://www.instagram.com/p/CW8XCGLsBxB/?utm_source=ig_web_copy_link
1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – елдің тірегі!» атты сынып сағаты өткізілді. Оған барлық сыныптағы оқушылар қатысты.

Сынып сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.
Тәрбие сағатымызды ҚР әнұранымен бастадық. Сабақ барысында оқушыларға елбасы жайында слайд көрсетіліп, оқушылардың барлығы өз білімдерін көрсетті, ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе біліп, сабақта белсенділік танытты.

https://www.instagram.com/p/CW8X3NBsU-v/?utm_source=ig_web_copy_link 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: