17
октябрь
2023
"Өзін-өзі басқару" ұйымы Президенттігіне үміткерлердің бағдарламасын ұсыну отырысы
17 қазан "Өзін-өзі басқару" ұйымы Президенттігіне үміткерлердің бағдарламасын ұсыну отырысы өтті. Мектеп президенттігіне барлығы 15 үміткер тіркеліп, сайлау комиссия мүшелері алдында өз бағдарламаларын ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, Білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқарту арқылы қалыптастыру.

