22
декабрь
2023
Мен сені сүйемін, Қазақстан!
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай 8В сынып білім алушылары және сынып жетекшісі Дакибаева Самал ,мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Матбуса Шолпан апайларының ұйымдастыруымен «Мен сені сүйемін,Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.