«Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік»
11
декабрь
2019

«Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік»

№173 мектеп-лицейінде ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында, мектеп фойесінде сап түзеу болып, Қазақстан Республикасының гимні орындалып оқушыларды және мектеп ұстаздарын 16 желтоқсан тәуелсіздік күінмен құттықтады. 11 «Б» сынып оқушысы Болат Нұрсұлтан: Алда келе жатқан үлкен ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ – деп оқушыларды және мектеп ұстаздарын құттықтады. 13 желтоқсан күні 10 «Б» сыныбынң ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында үлкен «Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» тақырыбында іс-шара өткізіледі. 11 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Алмат Нартайұлының және 10 «В» сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен «Желтоқсан желі ызғарлы» желтоқсан қаhармандарымен кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» онкүндігі аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып сол жоспар бойынша іс-шаралар жалғасын табады.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: