"2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні" » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні"
03
апрель
2024

"2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні"

"2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні" қарсаңында  "№ 173 мектеп-лицей" КММ  арнайы педагог Тогусова Назым және педагог-логопед Баймұрат Дилярамен бірлесе отырып бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Аутистік спектрлі бұзылыстары бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын  жүргізді.                                              Қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің бірі – аутизм. Аутизм — ми дамуының бұзылуынан туындайтын және әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың айқын және жан-жақты жетіспеушілігімен, сондай-ақ шектеулі мүдделермен және қайталанатын әрекеттермен сипатталатын ауытқу болып табылады.
Аутизм - бұл үкім емес, әлемді қабылдаудың басқа жолы.  Түсінуге, қабылдауға және қолдауға ұмтылайық✨

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: