Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-мамыр Жеңіс күні және Игі істер акциясы
10
май
2024

9-мамыр Жеңіс күні және Игі істер акциясы

9-мамыр Жеңіс күні және Игі істер акциясына орай мектебімізде жыл сайын өз жұмысының жемісін көрсетіп келеді.
Қарт кісілерден біздің және өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің алар тәрбиесі мен өсиеттері көп екендігі бәрімізге мәлім. Олардан  ұлтымыздың салт дәстүрлерін, мәдениетін және туған тілдің, адамгершілік қарым-қатынастың қасиеттерін үйренеміз.
 Әрине ,біз  жоғары буынды қарт адамдардың біз үшін жасаған еңбектерін ешқашан ұмытпаймыз. Сол себепті де қарттар – біздің асыл қазынамыз болғандықтан ,  ұстаздарымыз мектеп білім алушыларымен бірге  соғыс ардагерлері және қарт кісілердің  үйіне барып мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтары мен азын - аулақ сыйлықтарын алып, арнайы құттықтап, сыйлық тарту етті. Қарттарымыз білім алушыларымызға  бастан кешкен қиыншылықтарын, соғыс кезіндегі ерен еңбектері жайлы әңгіме етті. Білім алушылар қарттарға арнап өлең оқып, ән арнады. Қарттар білім алушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Білім алушылар  шын тілектерін білдіріп,  еңбектің  зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны  үшін алғыстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: