Хаттама №2 » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2018

Хаттама №2

Хаттама №2

2017-2018 оқу жылының Алматы қаласы Әуезов ауданы

«173 мектеп-лицей» КММ-нің Қамқоршылық Кеңес    жұмысының қорытындысы 








Өткізілген уақыты: 17.05.2018 жыл

Өткізілген орны: 104 кабинет

Отырыстың басталуы: сағ: 17.00.

Отырыстың аяқталуы: сағ:19.00.

Отырыстың төрағасы: Оспан Жанкелді Көшімбайұлы

Отырыс төрағасының орынбасары: Салина Римма 

Қатысқандар:Момбаев Е.К.,Сүлейменова А.А.,Садекова Н.А., Осан Ж.К., Садекова Н.Ж., Темиралиев М.М,Тажибаева М. Р.,Баймаханова А.А.,Хабибуллина.,Примбетов Н.Н., Устелбаев Е.,Раимова А.,Салина  Р., Даулетов А.Н.,Дәркенбаева Ш.Ш., Мухамадиев Д.Ж.,  Мелдешов Ғ.,Адешов М.К.,Сабырбаева Э.Т., Садыкова Г., Рахымгазиева Г., Омаров А.М., Алимтаева Р. К., Акбалиева Б.К.

Қатыспағандар: Жоқ


Күн тәртібінде:

1.Үштік одақтың қызметін жандандыру.
 2.ҚР-дағы Бала құқықтары туралы заңы бойынша мәлімет беру.(ҚР 2002 ж. 8 тамыз. №345)
 3.Н.Ә.Назарбаевтың ”Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласы тәуелсіз еліміздің даму бағытының өзектілігімен танысу.
 4. “Қайырымдылық - жылы жүректен” атты өткізілген қамқорлық акциясының қорытындысы.


Тыңдалды:

        І мәселе бойынша 8 сыныптар бойынша ата-аналардың  өкілі Адешов Мұхтар Калданович сөз алды. Мектепте «Үштік одақтың» қызметін жандандыру керектігін басып айтты. Үш одаққа мұғалім, оқушы, ата-ана кіреді. Бұлар бір-бірімен тығыз байланыста болуы керек. Осы тақырыпта «Бала тәрбиесіндегі мектептің рөлі», «Қоғамдағы менің рөлім», «Үлгілі отбасы- мәңгілік елдің тірегі» атты көптеген семинар, конференция, коучинг өту керектігін мәлімдеді.

      ІІ мәселе бойынша 6 сыныптар бойынша ата-аналардың өкілі Даулетов Аян Наметович ҚР-дағы Бала құқықтары туралы заңы бойынша мәлімет берді. (ҚР 2002 ж. 8 тамыз. №345).  Жалпы ережелері мен баптары туралы мағлұмат беріп, соның ішінде  баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала, жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала, қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны, қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны екенін барлық ата-аналарға баптар бойынша талдап, түсіндірді.

ІІІ мәселе бойынша 11 сыныптар бойынша ата-аналардың өкілі Акбалиева Бибігүл Кеңесбаевна  Н.Ә.Назарбаевтың ”Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласы тәуелсіз еліміздің даму бағытының өзектілігімен таныстырды. Ол «Білімнің салтанат құру» бағыты бойынша «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» мақаладан үзінді оқып, мақаланың білім мен тәрбие бағыттарын ата-аналарға жеткізе білді.

     IV мәселе бойынша  11 сыныптар бойынша ата-аналардың өкілі Алимтаева Раушан сөз алды.  Ол “Қайырымдылық - жылы жүректен” атты 10.05.2018 жылы өткізілген қамқорлық акциясына есеп берді. 4 «В» сынып оқушысы Жебеген Айбек Оңтүстік Кореяның, Пучон қаласындағы клиникада ем қабылдап жатқанын, Қазақстанның түкпір-түкпірінен Айбекке қол созып, көмек беріп жатқан қайырымды, жомарт адамдар бар екендігін, Астанада да, Алматыда да қайырымдылық концерттері үлкен сахналарда өткізіп жатқандығын, №173 мектеп-лицейдің әкімшілігі, ұстаздары, ата-аналары, оқушылары қосылып, Жебеген Айбекке арнап, концерт ұйымдастырып өткізгендігі туралы айтты.



                                                                       Шешім:


1.Үштік одақтың қызметін жандандырылсын.
 2.Барлық ата-аналар ҚР-дағы Бала құқықтары туралы заңымен толық таныссын.
 3.Н.Ә.Назарбаевтың ”Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласы тәуелсіз еліміздің даму бағытының өзектілігімен танысып, оның жүзеге асуын қолға алынсын.
 4. “Қайырымдылық - жылы жүректен” атты өткізілген қамқорлық акциясынан түскен қаражатты Жебеген Айбектің шотына аударылсын.


.



Төраға: Оспан Жанкелді  Көшімбайұлы

Хатшы: Копбаева Жанар Ордабекқызы



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

03 июнь 2018 Хаттама №3