03
июнь
2026
Хабарландыру

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
№173 мектеп-лицей 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.
📅 Құжат қабылдау 10 маусымнан басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Ата-аналарға құжаттарды алдын ала дайындап, өтініш беруді кешіктірмеу ұсынылады. Кейбір жағдайларда сыныптардың толуына байланысты қабылдау ертерек аяқталуы мүмкін.
❗ Назар аударыңыз: бала мектептің шағын ауданында тіркелген болса да, сыныптардың толық болуы қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
🔹 Өтініш беру тәртібі
Өтініш электронды үкімет порталы арқылы қабылданады: eGov.kz
🔹 Қажетті құжаттар:
✅ Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
✅ Баланың 3×4 см цифрлық фотосуреті;
✅ Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны);
✅ Профилактикалық екпелер картасы (№065/у нысаны);
✅ Қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы.
⏱️ Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
❌ Қабылдаудан бас тарту себептері:
– сыныптардың толық болуы;
– ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дұрыс болмауы немесе жалған болуы.