ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН - АЛУ » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН - АЛУ
01
апрель
2021

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН - АЛУ

«№173 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ» КММ «ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН - АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
Мақсаты: Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын- алу жұмыстары жүргізу үшін құқықтық негіздерді мектеп жағдайында қалыптастыру.
Міндеті: Кәмелетке толмағандардың заңға мойын ұсынушылық мінез құлқын қалыптастыру, олардың бойында имандылық пен салауатты өмір салтының негіздерін дамыту бағытындағы негізгі шараларды жүзеге асыру. Себепсіз сабақ босататын оқушыларды анықтау, есепке алу тиісті шараларды жүзеге асыру.
№ 173 мекетеп-лицейде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша 4-тоқсан басындағы кездесу өткізілді.
Сәуір айының 8 күні Әуезов ауданының полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Қадірмұратова Динара Қадірмұратқызы 9-10 сынып оқушыларына «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылып өтті.
442 баптың 1 тармағы мен таныстырып, түнгі 23:00 ден кейін заңды өкілсіз яғни ата-анасыз дала жүруге болмайтынын және сабақтан 10 күн себепсіз қалған жағдайда есепке тұратындығын ескертті.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: