«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы
13
февраль
2020

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

«Қауіпсіз мектеп автобусы» 

республикалық акциясы аясында 

 №173 мектеп-лицейінде өткен іс-шаралар анықтамасы

Мақсаты: Мүдделі мемлекеттік органдардың назарын балаларды оқыту орындарына қауіпсіз тасымалдаумен қамтамасыз ету мәселелеріне аудару мақсатында және жаңа оқу жылының басталуына орай оқушыларға түсіндіру жұмыстарын өткізу.

Нәтижесінде:Алматы қаласы білім беру ұйымы орналасқан аумақта тұратын барлық балаларды мектепке қабылдау қамтамасыз етілгендіктен  оқыту орындарында оқушылар тасымалданбайды.Сол себепті аталған акция барысында №173 мектеп-лицейде оқушыларға жол жүру ережелерін түсіндіруге және жалпы қоғамдық көлікте (автобуста) қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін кеңінен насихаттауға бағытталған сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Бастауыш сыныптар бойынша 31 сынып комплектісі бар.Барлық   сынып жетекшілері кабинеттерін жол жүру ережелеріне байланысты көрнекіліктермен жабдықтап,күнделікті тұрмыста кездесетін ережелермен ,сақтық шараларымен  таныстырып өтті.Оқушылар білетін ережелерді естеріне қайталап түсірді.1- сыныптарда «Қауіпсіз жолмен жүреміз» тақырыбында  суреттер салғызып,көрме өткізді.2-сынып оқушылары   жолда жүруге байланысты оқушылардан анкета алды. 3- сынып жетекшілері жол полиция қызметкерімен кездесу өткізсе ,4-сынып жетекшілері «Жол жүру ережесін білу-бәріне міндет» атты тақырыпта шығарма жазды. Орта және жоғары сыныптар бойынша 53 сынып комплектісі бар. 5-11 сынып жетекшілері жолда жүру ережесіне байланысты тәрбие сағаттары өтті. 5 «Е» сыныбының жетекшісі Г.С.Биеш  «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» тақырыбында мектеп инспекторы Б.Т. Исаевтың қатысуымен ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды. 5 «Д» сыныбының жетекшісі А.Ш. Аймағамбеттің ұйымдастыруымен флешмоб өтті. 9-10 сынып оқушыларына Әуезов ауданы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты А.Али  жолда жүру ережесіне байланысты дәріс өткізді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: