16
октябрь
2021
"Күзгі пейзаж" сурет байқауы
Мақсаты: Бұл сурет байқауының негізгі мақсаты бейнелеу өнеріндегі дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсете отырып, өскелең ұрпақты бейнелеу өнеріне баулып, патриоттық көзқарастарын қалыптастырып, эстетикалық талғамын дамыту болып саналады.
Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі руханият қазынасы. Қазіргі егеменді елдің болашағы болар жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеудің баға жетпес, теңдесіз құралы. Олай болса, бұл байқауға №173 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларынан 56 бала белсене атсалысты. Олардың ішінде жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды.