Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетіне ынтымақтастықтық байланыс орнату туралы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетіне ынтымақтастықтық байланыс орнату туралы
21
октябрь
2021

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетіне ынтымақтастықтық байланыс орнату туралы

Қазан айының 7 жұлдызында 9 «Ә» сынып оқушыларымен жоспар бойынша еліміздің алдыңғы қатарындағы жоғары оқуларының бірі, IT білімі бойынша бірінші орындағы  - Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетіне ынтымақтастықтық байланыс орнату мақсатында барды. Оқушылар IT саласы бойынша барлық ақпаратпен танысып, университеттің ғимаратымен танысып, аралап шықты. Танысу барысында IT университетінің 3-курс студенттері өздерінің білім алып жүрген университетте жұмыс жасап және оқып, сайт жасау арқылы, еліміздегі бір қатар банктерге жарнамалық роликтер жасау арқылы ақша тауып жүргендерін айтты. Яғни студент бола тұра. Практика жүзінде жұмыс жасап ақша табуға болатындығын жеткізді.  Пандемияға байланысты IT мамандардың сұранысы жоғарылап кетті. Себебі дүниежүзінде 90 % қашықтан жұмыс жасауға көшті. Өзіміздің қолданып жүрген  kundelik.kz – те аталған университеттің студенттері жұмыс жасайтынын айтты. Әлемдік атақты Microsoft, Google компанияларында IT университетінің түлектері жұмыс жасауда екенін мақтана айтты. 
Мәжіліс залында балаларға қалай оқуға түсу керектігін және әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін айтып өтті. Оқушылар сұрақ қойып, өздеріне керек жауаптарын алды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: