Біздің мақтанышымыз! » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біздің мақтанышымыз!
11
ноябрь
2021

Біздің мақтанышымыз!

12 қараша 2021 жылы «Live studio kz» коммуникациялық байланыс орталығында ІІІ Республикалық "Жас Өркен" балалар премиясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Аталмыш премия "Халықтың жыл сүйіктісі" ұлттық премиясы аясында "Республика-Аймақ-Даму" қоғамдық қоры және "Қостанай дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен тағайындалды. Премия өткен жылы қазақстандық қауымдастықта балалар мен балалар ұйымы арасында танымал болғандарға беріледі. Премияның мақсаты – балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған дарынды балалар мен әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсету. Марапаттау рәсімі онлайн форматта өткізіліп, ұйымдастырушылар аймақтармен телекөпір арқылы байланыс орнаттты. Республиканың түрлі аймақтарынан 14 номинацияда 29 дарынды бала марапатталды. "Жас Өркен" балалар премиясының «Жас толағай – 2021» номинациясын № 173 мектеп-лицей оқушысы Қалиахмет Елназ иеленді. Қазақстанның Еңбек ері, Қазақстанның құрметті қайраткері, ардагер педагог Миразова Аягүл Төреқызы Алматы қаласы және Алматы облысының жеңімпаздарын марапаттады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: