Тұңғыш президент күніне арналған іс-шара » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тұңғыш президент күніне арналған іс-шара
30
ноябрь
2019

Тұңғыш президент күніне арналған іс-шара

№173 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтті. Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді. Қараша айының 29 күні №173 мектеп –лицей кітапханасында ҚР тұңғыш президенті күніне орай  «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сабағы өтті. Арнайы қонақтардың қатысуымен өткен  шараны 9 «А» және 2 «Б» сыныптары өткізді. Тәуелсіз қазақ елінің қазығын қағып, іргетасын қалап, әлем таныған ауқатты елге айналдырған Елбасының өнегелі еңбек жолы  егемен елдің жарқын болашағы бүгінгі жас ұрпаққа  өнеге ретінде көрсетілді. Елбасының дүниеге келуі туралы  Әлжан ананың түсінен бастап баяндалып, оқиға желісі, сюжетті түрде бейне таспа арқылы көрсетіліп отырды. Оқушылар елбасы жайлы өлеңдер оқып, әсем ән салынды.  Мектеп домбырашыларының орындауында қазақтың дәстүрлі  өнері, қазақ деген елдің шаңырағын биіктетіп тұрды. Шақырылған қонақтар кештен керемет әсер алғандарын айтым, ризашылықтарын білдіріп, мектеп кітапханасына кітаптар сыйға тартты. Лицейіміздің фойесіне Елбасымызға арнаған кітап көрмесі қойылып, оқушылар Елбасымыздың еңбегімен танысты. Әр сыныпта біріңғай сынып сағаттары өтілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

03 июнь 2018 Хаттама №3
17 май 2018 Хаттама №2
17 апрель 2018 Хаттама №1