Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Адал ұрпақ: «Ой тазалығы – жан тазалығы» эссе
05
апрель
2022

Адал ұрпақ: «Ой тазалығы – жан тазалығы» эссе

         Мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру. Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;
         №173 мектеп-лицей оқушыларының құқықтық мәдениетін арттыру, белсенді азаматтық ұстанымы мен көзқарасын қалыптастыру мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында «Ой тазалығы – жан тазалығы» атты үздік эссе жазудан аптаның 1 күнін шығармашылыққа арнады.
        Шығармашылық күнге мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары түгелдей қатысты. Шығарма авторларының арасында сыбайлас жемқорлық мәселесіне немқұрайлы қараушылар болмады. Оқушылар өз шығармаларында белсенді азаматтық ұстаным мен жауапкершілікті көрсете білді. 
Шығармашылық күннің нәтижесін аға тәлімгер және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары бірлесе отырып қорытындылап, үздік шығармаларды таңдады.  
                                                         

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: