Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл – достықтың тірегі» атты апталықтың ашылу салтанаты
19
сентябрь
2022

«Тіл – достықтың тірегі» атты апталықтың ашылу салтанаты

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
          Бүгін мектебіміздің бас фойесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Копбаева Ж.О. ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың тірегі» 
атты апталықтың ашылу салтанаты
ерекше аталып өтті. Жүргізушілер – тарих пәні ұстаздары Бейсембаев Ернұр және Сапарғалиева Сымбат тіл мерекесінің аталу тарихын, көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісе кетті. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны екендігі оқушыларға насихатталды. Көсемсөз шеберлері Шатемірқызы Ақмарал, Қашқынбаева Арайлым, Совет Айжан, Абилхасим Арай ұстаздарымыз тіл туралы өлең жолдарын көпшілік қауымға ұсынды.
Апталықтың ашылу салтанатын Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен тәмамдадық.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: