"Толағай" отбасылық сайыс » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Толағай" отбасылық сайыс
29
сентябрь
2022

"Толағай" отбасылық сайыс

"Спорт денсаулық кепілі" демекші бүгін мектебімізде "Толағай" отбасылық сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Осындай мақсатта бүгінде біздің мектеп-лицейіміздің  оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналар арасында өткізілген сайысқа 5 команда белсене қатысып бағын сынады. Барлық қатысқан команда мүшелері дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: