Жасөспірімдер арасындағы зиянды заттар зардабының алдын алу » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасындағы зиянды заттар зардабының алдын алу
23
ноябрь
2020

Жасөспірімдер арасындағы зиянды заттар зардабының алдын алу

Мақсаты:

Жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық  мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке  және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Елбасымыздың халыққа арнаған әрбір жолдауының ел болашағы үшін мәні зор. Соның ішінде денсаулық мәселесін айрықша назарға ұстап, «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі» екендігін алға қойды.

«№173мектеп-лицей» КММ-де қарашаның 23-і күні «ZOOM» платформасында бейне конференция жиыны өтті. 

Қатысқандар: психикалық сауықтыру  орталығының психиатр-нарколог дәрігері Кеңесбекова Салия, тәрбие орынбасарлары Ж.Б. Жапарова және Г.Б. Телғозы, тәлімгер А.Қ. Болат, 9-сынып оқушылары. Қатысқан оқушылар саны -86.

Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас ағзаға зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіріп, жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге кеңес берді.Қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлік уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін айтып өтті.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: