26
декабрь
2022
Математика пәнінен қалалық олимпиада
2022 жылдың 12 желтоқсан күні №159 гимназия базасында Құрмет орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Аягүл Миразова атындағы математика пәнінен қалалық олимпиада өтті. Олимпиадаға 117 оқушы қатысып, мектебіміздің 10 “Г” сынып оқушысы Даулет Альади жүлделі 3 орынды иеленді. Сонымен қатар ақшалай сыйақы сертификаттары тарту етілді. 9 “А” сынып оқушысы Рахымгазиева Аружан аталған олимпиадаға қатысып, ерекше жетістікке жеткені үшін арнайы мадақтамамен марапатталды