Марапаттар » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2021

Марапаттар




173 мектеп-лицейі үшін бүгінгі күн марапаттар күні болды.⠀

Оған себеп 5-6 сыныптар арасында «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен, Алматы облысы Білім беру Басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының қолдауымен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ғылыми кеңесінің қамтамасыз етуімен өткізілген ОЛИМПИАДА!⠀Яғни, "Алтын сақа" байқауы.
Олимпиаданың мақсаты - талантты балаларды анықтап, оқушылардың математика білімін меңгеруіне, оқушылардың алған білімін тәжірибеде қолдана білуіне жағдай жасау және олимпиада резервін қалыптастыру.
Қарашаның 12 күні "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі болып, мектебіміздің 6 "Ғ" сынып оқушылары жүлделі орындар алып келді.
🥉 ІІІ орын: Ертай Бекжан
🥇 І орын: Қыдырбек Қозыкөрпеш қалалық кезеңге жолдама алды.

Мектеп ұжымы оқушыларымызды және жетекшісі Құрмет Ермековнаны құттықтай отырып,алар асулары мен жетер жетістіктері көп болсын деп тілек білдіреміз.🏆🇰🇿

Республикалық кезеңге сәттілік!Асығы алшысынан түсіп,жүлделі болсын!💐

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: