Ашық сабақ "Дүниежүзі халқының діни құрамы" » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ "Дүниежүзі халқының діни құрамы"
23
февраль
2023

Ашық сабақ "Дүниежүзі халқының діни құрамы"

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі халқының діни құрамы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту  мақсаттары :7.4.1.2 -дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды
Сабақтың мақсаты - дүние жүзі халқының діни құрамын ажыратады
 - діндердің таралу аймақтарын анықтап, сипаттайды
  География пәнінің мұғалімі Ахметова Динара Шакеновна 22.02.2023ж география пәнінен 7 «Ә»сыныбында ашық сабақ өткізді.
Сабақта барлық оқушылар белсенділіктерін танытып отырды. Мұғалім сабақтың ұйымдастыру кезеңінде  білім алушыларды топтарға бөлді.Балалар «жылы лебіз» әдісі арқылы бір-біріне сәттілік тілеп, өткен сабақты еске түсіру  мақсатында  берілген «кім жылдам?» атты  сұрақтарға бәрі жауап берді.
Learningapps.org бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын  орындап  ой қозғау сұрақтарына өте жақсы жауап берді. 
  Жаңа сабақтың тақырыбы суреттер арқылы ашылғаннан кейің білім алушылар оқулықтағы жаңа мәтінмен танысып, топта талдады. «Елшілер» әдісі арқылы әр топтың бір мүшесі сыныпты аралап, басқа топтарға олардың тақырыбы туралы түсінік береді.
Топтық жұмысты орындау барысында балалар мәтінді және интернет желілерін  пайдалана отырып, жоспарға сәйкес дүниежүзі діндерін сипаттайды. Діндердің шығу тарихын,тармақтарын, таралған аумағы мен ерекшелігін анықтап,картадан көрсетіп,кескін картаға белгіледі.
wordwall.net бағдарламасында «сәйкестендіру» әдісі арқылы діндердің түрлері бойынша топтап,анықтама беріп,жоғары қызығушылықпен тапсырманы орындады. 
Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған «Мейірімділік деген не?» бейнебаянын көріп , өмір туралы  өз ойларымен пікірлесіп,белсенділік танытты.Сабақ соңында кері байланыс жасалып, «шындық-жалған» кестесін толтырды.​Сабақтың соңында оқушылар бағаланып, үйге тапсырмалар берілді.
 Сабаққа қатысты  талаптар барлығы  өте шебер орындалды.  Күнделікті өмірмен және пәнаралық байланыс (дінтану,әдебиет) жасалынды. Мұғалім  мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас өте жақсы.Сабақ өте жақсы деңгейде  өтті.Сабаққа қатысқан мұғалімдер жылы лебіздерін білдіріп,керемет,өте жақсы деп баға берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: