Семинар: "Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану" » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар: "Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану"
24
февраль
2023

Семинар: "Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану"

Семинар тақырыбы: «Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану түрлері және заманауи инновациялық білім беру технологияларын пайдалану.

Мақсаты:  Мұғалімдер сабақта функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді жүргізіп,заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігін арттыру мақсатында және халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие беру үшін заманауи инновациялық білім беру технологияларымен танысу

 География пәнінің мұғалімдері Ахметова Динара Шакеновна және Болат Алтынай  мұғалімдерге семинар өтті.

Семинар жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Функционалдық   сауаттылық туралы түсінік

ІІІ. ФС-ты   дамытуға арналған тапсырмаларды   қолдану түрлері

IV. Заманауи инновациялық білім беру технологияларының түрлері

V.Рефлексия

    Семинарға қатысқан мұғалімдер функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдері  мен заманауи инновациялық білім беру технологияларын пайдалану туралы    ақпараттар алды. Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың әдістері:мән беріп оқыту технологиясы, диалогтік оқыту,сұрақ-жауап әдісі,ойын түрлері,Блум жүйесі және сабақта оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білу туралы көп керекті мәліметтер берілді.«Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор екенін әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы көрсетілді.

Заманауи инновациялық білім беру технологияларын пайдалану білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып,танымдық дағдыларын қалыптастырады.Семинарда   ventusky.com , Google Earth, ойын-сабақ түрлері мен география пәніне қатысты әр түрлі функционалдық сауаттылықты дамыту тапсырмалары ұсынылды.Семинар соңында кері байланыс арқылы ұстаздар ой бөлісіп,пікірлесті.Семинар өте қызықты,керекті ақпараттарға толы болды.

«Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді.

Керемет   мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады» - деген Уильян Уордтың даналығын есте сақтай отырып, қазіргі   таңда   бәсекеге  қаблетті,алған  білімін   өмірде  қолдана  алатын   жеке  тұлға  қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі биіктерден  көріне   берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: